Мэнни Пакьяо тағы оралады: шілдеде титул үшін жекпе-жек өтпек
Premier Boxing Champions ұйымы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасын 19 шілдеге брондап қойды. Бұл күні аты аңызға айналған Мэнни Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz vringe.com сайтына сілтеме жасап.
46 жастағы филиппиндік спорт пен саясатты қатар алып жүрсе де, әлі де WBC белбеуі үшін жұдырықтасуға ниетті. Оның қарсыласы — америкалық Марио Барриос (29-2-1, 18 КО). Пакьяо чемпиондықпен қоштасқысы келеді.
Айта кетсек, Мэнни соңғы ресми жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, Йорденис Угасқа есе жіберген еді. Былтыр ол жапондық кикбоксшы Рукия Анпомен көрме жекпе-жегін өткізді, бірақ онда аса сенімді көріне алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или