Тимофей Скатов Римдегі жарысты жеңіспен бастады

Тимофей Скатов Римдегі жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 181-орын) жекелей сында Франкавилья аль-Мареде (Италия) Челленджерді сәтті бастады, деп хабарлайды Prospports.kz.

Бірінші айналымда турнирде Скатов неміс Джастин Энгельмен (345-орын) кездесіп, үш сетте – 6:4, 2:6, 6:4 есебімен ұтты. Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Тимофейдің келесі қарсыласы Бенуа Паир (Франция, 556-орын) - Джованни Фонио (Италия, 331-орын) кездесуінің жеңімпазы болмақ.

Франкавилла аль-Маредегі турнирдің жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды. Жеңімпаз 12 980 еуро жинап, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или