Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіліс құшты

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіліс құшты

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Ұлттық құрама Словениямен кездесті. Кездесу 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Біздің команда сапында Кирилл Панюков пен Аркадий Шестаков гол соқты.

Бұл кездесу әлем чемпионатына дайындық аясында өтті. Швеция мен Данияда өтетін 2025 жылғы IIHF әлем чемпионаты 9 мамырда басталады.

Еске салайық, 10 мамырда қазақстандықтар әлем чемпионаты аясында Норвегия құрамасымен кездеседі. Кездесу Астана уақытымен 15:20-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или