Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады

Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Прагада (Чехия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші франциялық теннисші Максим Шазалдан ұтылып қалды 6:4, 5:7, 5:7. Айта кетейік, матч 2 сағат 35 минутқа созылды.

Екінші айналымда француз теннисшісі чехиялық Петр Брунцликпен ойнайды.

Аталған турнирде өнер көрсеткен тағы бір теннисші Денис Евсеев те жеңіліп қалған болатын. Ол испаниялық Даниэль Ринконмен кездесіп, 1 сағат 11 минутқа созылған матчта 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или