Криштиану Жуниор алғаш рет Португалия U-15 құрамына шақырту алды

Криштиану Жуниор алғаш рет Португалия U-15 құрамына шақырту алды

Криштиану Жуниор мансабында алғаш рет Португалия U-15 құрамына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен сені мақтан тұтамын, ұлым», – деп жазды Криштиану әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі таңда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жанындағы академияда өнер көрсетіп жүрген жас шабуылшы 13–18 мамыр аралығында Хорватияда өтетін беделді халықаралық Vlatko Markovic Cup турниріне қатысатын ұлттық команда тізіміне енді.

Топтық кезең аясында Португалия U15 құрамасы Жапониямен (13 мамыр), Грекиямен (14 мамыр) және Англиямен (16 мамыр) кездеседі. Финалдық матч 18 мамырда өтеді, ал қарсылас кейінірек анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или