Александр Шевченко Римдегі ATP 1000 турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Александр Шевченко Римдегі ATP 1000 турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Римдегі (Италия) ATP 1000 турнирінің негізгі кезеңіне сенсациялық түрде жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу финалында қазақстандық теннисші Венгрия өкілі Мартон Фучовичті 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, Александр Шевченко қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 97-ші сатыда орналасқан.

Римдегі ATP грунт турнирінің жүлде қоры 8 миллион еуродан сәл асады. Оның өтініш парағына ерлер арасындағы алғашқы ондықтың барлық өкілдері кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или