Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Асу Алмабаев UFC-дің Абу-Дабиде өтетін 21-ші турниріне қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қазақстандық жауынгердің бапкері Эдуард Базров былай деп пікір білдірді:
«Иә, біз шілде айында өнер көрсеткіміз келеді. Солай болады деп ойлаймыз. Біз уақыт жоғалтпауымыз керек. Алайда жекпе-жек келісімшартына әлі қол қойылған жоқ. Сондай-ақ, кім қарсылас болатынын әлі білмейміз. Бірақ айқасқа ұмтылыс бар. Менің ойымша, біз сонда болуымыз мүмкін.
Асуда қазір бәрі жақсы. Физикалық тұрғыдан ол өте жақсы жағдайда, келесі жекпе-жекке дайындалуда».
26 шілде күні өтетін жарыс кешінің жекпе-жектері әлі жарияланған жоқ. Ресми ақпарат бойынша, турнир Яс аралындағы Etihad Arena кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Асу соңғы рет UFC Vegas 103 турнирінің басты жекпе-жегінде Манель Капеден жеңіліп қалған болатын.