Қазақстандық төреші жастар арасындағы Азия чемпионатында төрелік етеді

Қазақстандық төреші жастар арасындағы Азия чемпионатында төрелік етеді

26 маусым мен 2 шілде аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен XXIX жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш халықаралық жарыста төрешілердің құрамына Қазақстан өкілі Тимур Ходжаев енгізілді.

Айта кетейік, ол — еліміздегі жалғыз Blue Badge санатындағы спорт төрешісі, Азия үстел теннисі одағының (ATTU) техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі. Тимур Ходжаев 2017 жылы Астанада өткен ITTF World Tour Grand Finals ширек финалында, 2021 жылы Қарағандыда өткен ITTF Kazakhstan International Open финалында, 2022 және 2024 жылдары Алматыда өткен WTT Contender турнирлерінде, 2023 жылы Линц қаласындағы WTT Youth Contender жарысында, 2024 жылғы Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде, Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында және Астанадағы Азия чемпионатында бас төреші ретінде қызмет атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или