Қазақстандық хоккейші америкалық клубта ойнайды

Қазақстандық хоккейші америкалық клубта ойнайды

Қазақстандық қорғаушы Спартак Чукреев USHL «Дубьюк Файтинг Сэйнтс» клубында алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чукреевті клуб лига жобасында таңдады.

Өткен маусымда 15 жастағы қазақстандық Бостон академиясының сапында өнер көрсетті. Тұрақты маусымда 63 ойында 38 (9+29) ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Андрей Буяльский мен Бексұлтан Мақыш «Файтинг Сэйнтс» сапында өнер көрсеткен болатын.

USHL (United States Hockey League) — Америка Құрама Штаттарының негізгі жасөспірімдер хоккей лигасы. Лига 16 мен 20 жас аралығындағы ойыншылардан тұрады. Және 17 команда өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или