Карло Анчелоттидің «Реалдан» қашан кететіні белгілі болды

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти жақын арада қызметінен кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Athletic хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, италиялық маман мен мадридтік клуб ынтымақтастығын тоқтату туралы ауызша келісімге келген. Анчелоттидің «Реалдан» кететіні келесі «эль класикодан» кейін жариялануы мүмкін екені атап өтілді. Жексенбі, 11 мамырда «Реал» Ла Лиганың 35-турында «Барселонамен» ойнайды.
34 ойыннан кейін «Реал Мадрид» 75 ұпаймен Ла Лига кестесінде екінші орында тұр. «Барселона» 2024/2025 маусымындағы Испания чемпионатының кестесінде көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или