«Ливерпуль» қорғаушысы клубтан кететінін растады

«Ливерпуль» қорғаушысы Трент-Александер Арнольд командадан кететінін ресми түрде растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл шешімді қабылдау оңай болмады. Мұнда 20 жыл ойнадым және әрбір минутын бағалаймын. Барлық арманыма қол жеткіздім. Бірақ қоштасатын сәт келді», – деді Трент.
26 жастағы қорғаушы «Ливерпульдің» негізгі командасы сапындағы 352 ойында 23 гол соғып, 92 ассист жасады. Қорғаушы клубпен 9 трофей жеңіп алды.
Фабрицио Романоның мәліметінше, Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанып, бес жылдық келісімшарт жасасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или