Батыр Жүкембаев жаттығуынан видео бөлісті

Танымал қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) жаттығуынан видео бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайта бастадық», — деп жазды спортшы Инстаграм желісінде жариялаған видеода.
Еске салайық, Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізген болатын. Жекпе-жек WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы мен француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге арасындағы кездесудің андеркардында өтті. Бұл жекпе-жекте Батыр англиялық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или