ӘЧ-2025: Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстанмен күш сынасады. Ойындар Хернинг (Дания) қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
10 мамыр. 15:20. Норвегия - Қазақстан
11 мамыр. 19:20. Германия - Қазақстан
13 мамыр. 23:20. Қазақстан - Мажарстан
14 мамыр. 23:20. Қазақстан - Дания
17 мамыр. 19:20. Чехия - Қазақстан
18 мамыр. 19:20. Қазақстан - АҚШ
20 мамыр. 15:20. Швейцария - Қазақстан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или