Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

«Реал Мадрид» пен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Примераның 34-турындағы «Сельтаға» қарсы матчта (3:2) дубль авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз шабуылшысы корольдік клубтағы алғашқы маусымында гол соғу көрсеткіші бойынша аңызға айналған португалиялық ойыншының жетістігін артта қалдырды.

52 ойыннан кейін Мбаппенің еншісінде 36 гол бар. Айта кетейік, Роналду Мадрид клубындағы алғашқы маусымында 33 гол соққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или