WTA-1000: Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары кім?

WTA-1000: Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары кім?

7 мамырда Римде WTA-1000 санатындағы Италия ашық теннис чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирді екінші кезеңнен бастайды. Оның қарсыласы жапониялық Моюка Уджима мен германиялық Ева Лиз арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Юлия Путинцева да жарыс жолына екінші кезеңнен шығады. Оның қарсыласы америкалық Алисия Паркс пен румыниялық Кристиан Жаклин арасындағы матчта анықталады.

Римдегі турнир 6-18 мамыр аралығында өтеді. Турнир жеңімпазы 877 390 еуро көлемінде сыйақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или