«Астана» баскетбол ВТБ Біріңғай лигасынан шығуы мүмкін

«Астана» баскетбол клубы келесі маусымда ВТБ Біріңғай лигасына қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы турнир президенті Сергей Кущенко мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025/26 маусымына барлық командалар, соның ішінде «Самара» да өтінім тапсырған. «Астанадан» да өтінім қабылданғанымен, Кущенконың сөзінше, қазақстандық клуб үлкен ықтималдықпен жастар біріншілігінде өнер көрсетеді.
Турнирге жаңадан қосылуы мүмкін клубтардың қатарында Владивосток және басқа қалалардың командалары бар, бірақ олардан ресми өтінімдер түспеген.
2024/25 жылғы маусым «Астана» үшін өте сәтсіз өтті: команда тұрақты чемпионатта 44 ойынның тек екеуінде ғана жеңіске жетіп, бар болғаны 4,5% жеңіс көрсеткішімен соңғы, 12-орынды иеленді.
Айта кетейік, «Астана» ВТБ Біріңғай лигасында 2011/12 маусымынан бері ойнап келеді.