Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте алтыншы орынға көтерілді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup әлемдік командалық рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандастарымыз 12-орыннан бірден 6-орынға көтерілді.
Бұл — ұлттық әйелдер құрамасы тарихындағы ең жоғары нәтиже. Қазақстан құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия және Франция секілді мықты командаларды артта қалдырды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы биылғы сәуір айында өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, тарихында үшінші рет Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Финал 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или