Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы кестесі: қашан және кіммен ойнаймыз

Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы кестесі: қашан және кіммен ойнаймыз

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 9 мамыр күні басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 мамырға дейін жалғасатын айтулы дода Швеция мен Данияда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Норвегия, Германия, Венгрия, Дания, Чехия, АҚШ және Швейцария құрамаларымен ойнайды.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасының ойын кестесін ұсынамыз:

  •  10 мамыр, 15:20 — Норвегия vs Қазақстан
  •  11 мамыр, 19:20 — Германия мен Қазақстан
  •  13 мамыр, 23:20 — Қазақстан мен Венгрия
  •  14 мамыр, 23:20 — Қазақстан vs Дания
  •  17 мамыр, 19:20 —Чехия vs Қазақстан
  •  18 мамыр, 19:20 — Қазақстан мен АҚШ
  •  20 мамыр, 15:20 — Швейцария vs Қазақстан

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Швецияда. Ұлттық құрама 6 мамырда Словениямен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 7 мамырда Данияның Хернинг қаласына барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или