Трент-Александер Арнольд «Реал» ойыншысы атанады

Ағылшындық қорғаушы Трент-Александер Арнольд ресми түрде «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Бұл шешімді қабылдау оңай болмады. Мұнда 20 жыл ойнадым және әрбір минутын бағалаймын. Барлық арманыма қол жеткіздім. Бірақ қоштасатын сәт келді», – деді Трент әлеуметтік желідегі парақшасында.
26 жастағы қорғаушы «Ливерпульдің» негізгі командасы сапында 352 ойын өткізді. Клуб үшін 23 гол, 92 голдық пас берген. Сондай-ақ мерсисайдтық клубпен бірге 9 трофей жеңіп алған.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, Арнольд «Реал» ойыншысы атанып, бес жылға жарамды келісімшартқа қол қояды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или