WTA рейтингінде қазақстандық спортшылар төмен сырғыды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Мадридтегі турнир қорытындысы бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
1000 адам қатысқан Мадрид турнирінің жеңімпазы беларусьтік Арина Соболенко рейтингтегі бірінші орынды сақтап қалды. Екінші орында поляк теннисшісі Ига Швёнтек. Мадридтің америкалық финалисті Кори Гауфф үшінші орынға көтерілді.
Қазақстан өкілі Елена Рыбакина бір орын төмен сырғып, 12-орынға тұрақтады. Еске салайық, Мадридте Рыбакина үшінші раундта украиналық Элина Свитолинадан жеңілген болатын.
Тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева бес саты төмендеп, 29-орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или