«Бешикташ» сырт алаңда «Фенербахчені» жеңді

«Бешикташ» сырт алаңда «Фенербахчені» жеңді

«Бешикташ» Түркия чемпионатының 34-ші турында «Фенербахчемен» сырт алаңда Стамбул дербиінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. «Бешикташтың» жеңіс голын 44-минутта Гедсон Фернандес соқты. «Бешикташтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиёр Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл ойынға қатысқан жоқ.

«Бешикташ» қазір 55 ұпай жинап, Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Фенербахче 75 ұпаймен екінші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или