«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалында оңбай ұтылды

4 мамыр күні Ле-Ман қаласында (Франция) футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда алматылық «Қайрат» пен Испанияның «Пальма футзал» командасы кездесті.
Ақтық сын тартысқа толы болған жоқ. Испаниялық ұжым 9:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.
«Қайрат» — «Пальма» — 9:4
Гол соққандар: Гордильо 7, Кайо Руис 9, Мачадо. Л 19, Ривильос 19, Фабиньо 23,27,28,31, Негиньо 32, Тұрсағұлов. Д 33, Рашит. З 36, Матеус Майя 38, Аррьета 40.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы атана алмады. Алматылық команда бұған дейін 2013 және 2015 жылы УЕФА кубогын жеңіп алған.
«Пальма» бұған дейінгі екі маусымда Чемпиондар лигасында топ жарған. Испаниялық клуб қатарынан үш маусымда чемпион атанған тарихтағы алғашқы команда атанды.