Денис Евсеев Прагада іріктеу кезеңін жеңіспен бастад

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Прагада өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Евсеев чехиялық Якуб Филиптен 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Ойын 1 сағат 12 минутқа созылды.
Енді Денис негізгі турнирге жолдама алу үшін Даниэль Ринкон мен Матей Додиг арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады. Айта кетейік, Прагадағы «Челленджердің» жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или