Роландо Ромеро: «Мықтылармен ғана жұдырықтасам»

Роландо Ромеро: «Мықтылармен ғана жұдырықтасам»


АҚШ боксшысы Роландо Ромеро жуырда Райан Гарсияны жеңіп, жартылай орта салмақта WBA Regular титулын иеленген еді. Енді ол болашағына қатысты жоспарларын айтып өтті, деп жазады Prosports.kz.

«WBA – мәңгілік», – деп қалжыңдады Ромеро. Айта кетейік, ол үш түрлі салмақта WBA белбеуін жеңіп алған. Ендігі мақсаты – мықты қарсыластармен қолғап түйістіру.

Ромеро чемпиондар Брайан Норман, Джарон Эннис және Марио Барриоспен жұдырықтасқысы келетінін айтты. «Олардың қай-қайсысы да оңай қарсылас емес. Әрқайсысымен жекпе-жек – нағыз сынақ», – деді ол. Сондай-ақ, Роллидің айтуынша, Барриос алдағы кездесуін жоспарлап қойған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или