«Лидс Юнайтед» Премьер-лигаға қайта оралды

«Лидс Юнайтед» Премьер-лигаға қайта оралды


«Лидс Юнайтед» Англия Премьер-лигасына қайта жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб Чемпионшиптің 2024/25 маусымында топ жарып, бірінші орынға жайғасты. Даниэль Фаркенің шәкірттері 100 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша «Бернлиден» озды.

Екі команда да келесі маусымда АПЛ-да ойнау құқығын иеленді. Ал Премьер-лигаға шығатын тағы екі команда плей-офф нәтижесімен анықталады. Жартылай финалда «Шеффилд Юнайтед» – «Бристоль Сити» және «Сандерленд» – «Ковентри» кездесулері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или