Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста үздік шықты

Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста үздік шықты


Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Висбаден (Германия) ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, чехиялықтар Джесика Малечкова - Мириам Скочпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Қазақстандық латвиялық жұп есе қайырды - 6:3. Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды - 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или