«Мен – мықтырақпын»: Кроуфорд Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
                  WBA чемпионы әрі WBO уақытша белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Екі жұлдызды боксшының айқасы 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Канело Уильям Скуллды жеңгеннен кейін Кроуфорд рингке көтеріліп, өз сөзін айтты:
«Бәрі бекер емес. Мен мұнда жайдан-жай тұрған жоқпын. Қыркүйекте нағыз ұлылықты көресіздер. Канело өз жұмысын істеді, бірақ ең мықты – менмін. Сол себепті жеңіс менікі болады. Бәрін өз көздеріңізбен көресіздер – 12 қыркүйекке дайын болыңыздар».
Айта кетейік, 4 мамырда Альварес Скуллды төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағын қайта қайтарып алған болатын.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или