«Барыс» «Металлургтен» ойсырай жеңілді

ҚХЛ 3х3 чемпионатының 19-турында Астананың «Барысы» Магнитогорскінің «Металлургінен» ірі жеңіліске ұшырады. Матч 8:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
«Металлург» ойын тізгінін толықтай қолына алып, алғашқы екі кезеңде бір-бірден шайба соқты. Ал үшінші кезеңде қарсыластар қақпасына бірден алты гол енгізді. «Барыстың» жалғыз шайбасын 17-минутта Александров Перкиннің пасынан кейін соқты.
Жеңімпаз команда сапынан Варфоломеев пен Гончар дубль жасаса, Марченков, Полукаров, Шмелёв және Харькин бір-бірден гол салды. Шмелёв үш нәтижелі пасымен де көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или