Мухаммедали Мавлидов Душанбедегі Grand Slam жарысынан ерте шығып қалды

Қазақстандық дзюдошы Мухаммедали Мавлидов Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam-2025 турниріндегі жолын ерте аяқтады.
Ауыр салмақта өнер көрсеткен спортшымыз алғашқы белдесуінде-ақ жергілікті балуан Кароматулло Хакимовке есе жіберіп қойды. Осылайша Мавлидов жарыстың келесі кезеңіне өте алмай, турнирден шығып қалды.
Grand Slam додасына әлемнің үздік дзюдошылары жиналған еді. Мухаммедали енді алдағы жарыстарға дайындықты жалғастырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или