«Челси» - «Ливерпуль». Статистика, болжам

2025 жылдың 4 мамырында «Стэмфорд Бриджде» Ағылшын Премьер-Лигасының 35-ші турының негізгі ойыны өтеді, онда «Челси» жақында чемпион атаған «Ливерпульмен» кездеседі. Лондондықтар үшін бұл еурокубоктар үшін шайқас болса, қонақтар үшін бұл матч тағы бір үш ұпай еншілеудің мүмкіндігі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Челси»
Энцо Маресканың жігіттері Конференция лигасында тамаша нәтиже көрсетуді жалғастыруда. Команда апта ортасында «Юргорденді» (4:1) жеңіп, финалға жақындады. Дегенмен, лондондықтардың басты мақсаты – чемпионат арқылы Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күрес.
«Ноттингем Форесттің» жеңілісі «Челсиге» 60 ұпаймен Премьер-лигада бесінші орынға көтерілуге көмектесті. Бұл позиция Чемпиондар лигасында ойнау құқығын береді.
«Ақсүйектердің» кестесі өте қиын: «Ливерпульмен» өткен ойыннан кейін олар «Ньюкасл», «Манчестер Юнайтед» және «Ноттингем Форестпен» кездеседі.
«Ливерпуль»
«Қызылдар» чемпиондық атағын мерзімінен бұрын жеңіп алды. Арне Слот шәкірттері чемпиондық матчта «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен жеңді. Бұл клуб тарихындағы 20-шы чемпиондық титулы және 2019/20 маусымынан бергі бірінші рет.
Қазіргі уақытта «Ливерпуль» 82 ұпай жинаған. Команда қалған матчтарда ұпай санына 90-нан асыруға тырысады. Сондықтан, чемпиондар «Челсиге» қарсы матчта аянып ұалмасы анық.
«Ливерпульдің» жарақаттар тізімінде қорғаушылар Джо Гомес пен Конор Брэдли бар. Бапкердің айтуынша, Гомес маусымның соңғы матчтарының бірінде оралуы мүмкін. Негізгі құрамның қалған бөлігі, оның ішінде Мохамед Салах алаңға шығуға дайын.
«Челси» өз алаңында ойнайды және турнирлік мотивациясы жоғары, ал «Ливерпуль» аздап босаңсуға құқы бар. Дегенмен, дәл осындай жағдайда да Слот жігіттері азулы қарсылас болып қалады.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі алаң иелеріне басымдық береді: «Челсидің» жеңіске жету мүмкіндігі 2,13, бұл сарапшылардың көзқарасы бойынша лондондықтардың табысқа жету ықтималдығының жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ливерпульдің» жеңіске жету мүмкіндігі 3,26 деңгейінде белгіленді.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.