Чемпиондар лигасы: «Қайрат» — «Пальма» матчының тікелей трансляциясы

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» — «Пальма» матчының тікелей трансляциясы

Жексенбі, 4 мамыр күні Ле-Ман қаласында (Франция) футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді, онда алматылық «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» — «Пальма» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 22:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» 2021 жылдан бері алғаш рет финалдық төрттікте өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық клуб испаниялық «Картахена» командасын 3:2 есебімен ұтты. Алиссон «Қайрат» сапынан дубль авторы атанды (16-шы және 37-ші минуттар), Деннис тағы бір гол соқты (39-шы).

«Пальма» соңғы екі маусымда Чемпиондар лигасында топ жарған . Ағымдағы төрттік финалда испандық клуб жартылай финалда португалиялық «Спортингті» 3:0 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или