Покатиловтың командасы «Сабах» «Аразбен» тең түсті

3 мамырда Әзербайжан чемпионатының 33-турында «Араз» өз алаңында «Сабахты» қабылдап, матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 20-минутында алаң иелері есеп ашса, үзіліске екі минут қалғанда Венсан Тиль таразы басын теңестірді.
Екінші таймда «Сабах» жеңісті жұлып алуға тырысқанымен, «Араздың» қорғанысын бұза алмады. Осы нәтижемен «Сабах» чемпионат арқылы еурокубоктарға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Дегенмен, командада әлі бір мүмкіндік бар: 31 мамырда «Сабах» Әзербайжан Кубогының финалында «Қарабақпен» кездесіп, Еуропа Лигасына жолдама алуға талпынады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или