Арина Соболенко Мадрид турнирінде чемпион атанды

Арина Соболенко Мадрид турнирінде чемпион атанды


3 мамыр күні Мадридте өткен беделді WTA 1000 турнирінің финалында Арина Соболенко мен Коко Гауфф кездесіп, белорустық теннисші жеңіске жетті.

Соболенко финалда қарсыласын 2:0 есебімен ұтты. Бірінші сетте 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (7:3) нәтижесімен жеңіске жетті.

Бұл турнирде Арина жолында Элина Свитолина, Марта Костюк, Пейтон Стернс, Элизе Мертенс пен Анна Блинкова сынды мықты ойыншыларды жеңіп, финалға дейін жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или