Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді

Астанада өтіп жатқан Hockey Open турнирінде 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы бақылау матчында Беларусь құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына бірде-бір шайба соға алмады. Қонақтар бірінші және үшінші периодтың соңында гол салып, жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Ресейдің 25 жасқа дейінгі жастар құрамасынан 1:4 есебімен жеңілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или