Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнирде топ жарды

Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Шымкент ITF W15 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ресейлік Элина Неплиймен бірге финалда турнирдің 1-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова – Анна Урекемен сынға түсті.

Бірінші партияда ресейлік жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте А.Сағындықова – Э.Неплий қарымта қайтарды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте матч нүктесін қойды – 10:8.

Тартысты өткен финалдық бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Аньнин (Қытай) ITF M25 жарысының финалына дейін жетті. Ол таилық Вишайя Тронгчароенчайкулмен бірге соңғы бәсекеде ғана Беларусь өкілі Николай Галак – тайбэйлік Йи Джуй Лоға есе жіберді – 6:7 (1:7), 4:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или