Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup жаңартылған әлемдік командалық рейтингінде 12-орыннан бірден алтыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – біздің ұлттық әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары нәтиже. Қазақстан құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия және Франция секілді мықты командаларды артта қалдырды.


Еске салайық, Қазақстан құрамасы биыл сәуір айында өткен іріктеуден сәтті өтіп, тарихта үшінші рет Billie Jean King Cup әлемдік командалық чемпионаттың финалдық кезеңіне жолдама алды. Әлемнің үздік сегіз құрамасы қатысатын финалдық кезең 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или