Мухаммад Мокаев Karate Kombat 54 турнирінде қазақстандық файтерді нокаутқа түсірді

Дубайда (БАӘ) өткен Karate Combat 54 турнирінде кештің басты кездесуінің бірі – қазақстандық Болат Заманбеков пен британиялық файтер Мухаммад Мокаев арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек каратэ ережесі бойынша ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда Мокаев екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Мокаев жеңіліссіз келе жатыр - оның рекорды 14 жеңіс және жеңіліп көрмеген. Қазіргі уақытта Заманбековте сегіз жеңіс және үш жеңіліс бар. Мокаев бұрын UFC турнирлеріне қатысқан, бірақ өте жанжалды жағдайда ұйымнан кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или