«Қайрат» сенсация жасап, Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

«Қайрат» сенсация жасап, Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

Бүгін футзалдан 2024/2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының «Төртеу финалы» аясында қазақстандық «Қайрат» Францияның Ле-Ман қаласында жартылай финалдық матчта испаниялық «Картахена» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 3:2 есебімен аяқталды. Алматылық команда сапында Алиссон (дубль) мен Деннис бір гол соқты.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Картахена» (Испания) — 3:2

Екінші жартылай финалда жарыстың қазіргі чемпионы испаниялық «Пальма» мен португалиялық «Спортинг» командалары кездеседі.

Айта кетейік, «Қайрат» элиталық раудтың топтық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамо», словакиялық «Мимел Лученец» және «Олмиссум» клубтарынан басым болып, «Төртеу финалына» жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или