ВИДЕО. Ауыр бас-ми жарақатын алған боксшы 12 жылдан кейін алғаш рет Дағыстанға ұшып келді

ВИДЕО. Ауыр бас-ми жарақатын алған боксшы 12 жылдан кейін алғаш рет Дағыстанға ұшып келді

Ресейлік боксшы Магомед Абдусаламов 2013 жылғы соңғы кәсіпқой жекпе-жегінде ауыр жарақат алғаннан кейін 12 жылдан соң Дағыстанға ұшып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әуежайда Абдусаламовты жеңіл салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Ислам Махачев қарсы алды.

Абдусаламов 2013 жылы қарашада Нью-Йоркте кубалық Майк Переспен өткен жекпе-жектен кейін ауыр бас-ми жарақатын алған еді. Сол кездесуде ресейлік боксшы төрешілер шешімімен жеңіліп, кейін миына қан құйылып кеткені анықталған. Оған шұғыл ота жасалып, боксшы комаға түсті және ұзақ уақыт бойы ауыр жағдайда болды. Оның кәсіпқой карьерасында 18 жеңіс (барлығы нокаутпен) және бір жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или