Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста камбэкпен финалға өтті

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Весбаден (Германия) ITF W100 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпартақа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге жартылай финалда ресейлік Виталия Дьяченко – жапониялық Нао Хибиномен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда ресейлік-жапониялық дуэт басымдылық танытты – 6:3.
Екіншісінде Ж.Құламбаева – Д.Семенистая есе қайырды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте таразы басын аудара алды – 11:9.
Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева – Дарья Семенистаяның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Латвиялық теннисші бір күнде екі матч өткізіп, жекелей сында да камбэк жасап, чехиялық Тереза Валентовадан басым түсті – 5:7, 6:2, 6:2. Сөйтіп ол жекелей сында жартылай финалға жолдама алды.