«Жеңіс» сапына бразилиялық жартылай қорғаушы қосылды

Еложалық «Жеңіс» сапына бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Дос Сантос Мартинс қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«32 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Дос Сантос Мартинс «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды!
Жиан өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы португалиялық «Санжоаненсе» клубында бастады. Сондай-ақ португалиялық «Униао Мадейра» және «Пасуш де Феррейра» командаларында ойнады. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан чемпионатында «Тараз», «Оқжетпес», «Атырау» және «Қызыл-Жар» футбол клубтарының сапында өнер көрсетті. Қазақстан Премьер-лигасында 97 матч және Қазақстан Кубогында 8 матч өткізді. Біздің жаңа ойыншымыздың соңғы клубы Израильдің жоғары дивизионында ойнайтын «Ирони» болды», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или