Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнирдің финалында ойнайды

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова жұптық сында Шымкент ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткалары Аружан Сағындықова мен ресейлік Элина Неплий финалға барар жолда үш кездесуін сәтті өткізді.
Аружан мен Элина жартылай финалда, доданың 2-ракеткалары, ресейлік Ксения Ласкутова – германиялық Франциска Цидатпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 7:6 (7:3), 6:3 есебімен тізе бүктірді. Біршама тартысты өткен бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Аружан Сағындықова – Элина Неплий финалда турнирдің 1-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова – Анна Урекемен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или