Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әлемнің мықты гроссмейстерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа рейтинг нәтижесінде қазақстандық шахмат жұлдызы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өз позициясын жақсартып, әлемнің үздік шахматшы әйелдері арасынан көрінді. Ол бірден екі саты жоғарылап, қазіргі таңда 2494 рейтингтік ұпаймен 12-орынды иеленіп отыр. Айта кету керек, ресейлік Полина Шувалованың да ұпайы дәл сондай, алайда ол қосымша көрсеткіштер бойынша бір саты жоғарыда орналасқан.

Асаубаевадан бөлек, рейтингтің топ-100-іне тағы екі қазақстандық шахматшы қыз енді. Меруерт Камалетдинова 2345 ұпаймен 97-орында. Ал 19 жастағы Амина Каирбекова 2344 ұпаймен 100-орынды иеленіп тұр. Айта кетерлігі, Амина - бұл тізімдегі ең жас қазақстандық шахматшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или