Алматылықтар Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Алматыда Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шарада спортшыларға пәтер кілттерін қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов табыс етті.
Спорттық гимнастикадан күміс жүлде иеленген Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтер берілді. Қола медаль алған Назым Қызайбай (бокс) мен Ислам Сатпаев (нысана көздеу) бір бөлмелі пәтердің иесі атанды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен мерген Александра Ле өз баспаналарын халықаралық жаттығу жиындарынан кейін алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или