Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Абужақынова Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әбиба Абужақынова (-48кг) жарыстың қола жүлде үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.
Отандасымыз жартылай финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберген болатын.
Абибаның Grand Slam турнирлерінде осымен 9-шы медалін алды. Бұған дейін 1 күміс 7 қола жүлде еншілеген болатын.
Айта кетейік, Абибаның бұл биылғы екінші жарысы. Загребте өткен Гран При жарысында чемпион атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или