«Жеңіс» клубы испаниялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Астаналық «Жеңіс» клубының қатары испаниялық шабуылшымен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы Мигель Анхель Хунко Мартинес елордалық клубпен келісімшартқа отырды.
Мика — испаниялық «Райо Кантабрия» клубының түлегі. Өз елінде «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво», «Химнастика Сеговиана», «Свайриенге» (Камбоджа), «Негри-Сембилан» (Малайзия), «КТП» (Финляндия) командаларында өнер көрсетті.
Финляндиядағы «КТП» сапында Мартинес 2022 жылғы маусымда командасының Жоғары лигаға шығуына көмектесті. Сол маусымда ол үздік сұрмерген әрі маусымның ең үздік ойыншысы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или