«Жеңіс» - «Қайрат» матчы мерзімінен бұрын өтеді

«Жеңіс» - «Қайрат» матчы мерзімінен бұрын өтеді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы «Жеңіс» - «Қайрат» матчы мерзімінен бұрын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ әлеуметтік желіде ресми хабарлады.

Қазақстан футбол лигасы дирекциясының Әкімшілігі «Жеңіс» футбол клубының тиісті келісімімен «Қайрат» футбол клубының ұсынысын қанағаттандырды.

Нәтижесінде Қазақстан премьер-лигасының 20-туры аясындағы «Жеңіс» - «Қайрат» кездесуін 2025 жылдың мамыр айының 9-на ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Екі команда арасында өтетін Қазақстан премьер-лигасы аясындағы 8-тур ойыны кейінге қалдырылып, ойын күні қосымша хабарланады.

«Жеңіс» пен «Қайрат» арасындағы ойын 9 мамыр сағат 19-00 де басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или