Әбиба Абужақынова жартылай финалда сүрінді

Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Абужақынова(-48кг) жарыстың қола жүлдесі үшін таласқа түседі. Ол жартылай финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Енді үшінші орын үшін өтетін белдесуде өзбекстандық Улбусин Хакимовамен күш сынасады.
Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрмұхаммет Ботабай жұбаныш белдесуіне дейін жеткенімен, финалдық кезеңге өте алмады. Ол Түрікменстаннан келген Тойлы Мурадовқа жол берді.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или