Бүгін Тәжікстанда дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталады

Бүгін Тәжікстанда дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталады

Бүгін, 2 мамырда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында басталатын «Grand Slam» турниріндегі қазақстандық дзюдошылардың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі додада әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова (48 келі) сынға түседі. 2022, 2024 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған ол Париж олимпиадасынан кейін алғаш рет сайысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Әбиба Душанбедегі турнирде бірден ширек финалда сынға түсетін болды. Алғашқы іріктеу кезеңінде оған қарсылас атанған тәжікстандық Райхонай Розикзода белдесуден бас тартты.

Жеребе тарту рәсімінде іріктеу кезеңінде балуандардың кіммен сынға түсетіні анықталды.

60 келі Алдияр Қарғұлов - Анваржон Иброхимов (Өзбекстан);

66 келі: Нұрмұхамет Ботабай - Дэнг Су (Қытай);

73 келі: Аңсарбек Гайнулин - Жанлонг Гоу (Қытай);

73 келі: Ықылас Әлсейіт - Мейлис Шамурадов (Түркіменстан);

81 келі: Досхан Жолжақсынов - Ильхам Союнжов (Түркіменстан);

100 келі: Ермұхан Естай - Кароматулло Хакимов (Тәжікстан);

100 келі: Мұхамедали Мавлидов - Баймурат Маджанов (Түркіменстан).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или