«Реал Мадрид» клуб аңызымен келісімшартты ұзартпақ
39 жастағы «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Лука Модрич пен 33 жастағы оң қаптал қорғаушысы Лукас Васкес келісімшарттарын қысқа мерзімге ұзартатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншылардың клубпен келісімшарттары 30 маусымда аяқталады. Келісімшарт 15 шілдеде клубтар арасындағы әлем чемпионатының аяқталуына дейін ұзартылады.
AS мәліметі бойынша, екі футболшы да Ла Лига маусымы аяқталған соң испан клубының басшылығымен кездесіп, келісімшарттарын тағы екі аптаға ұзарту мәселесін талқылайды.
Сонымен қатар, Модрич пен Васкеске келісімшартты бір маусымға ұзарту қиынға соғуы мүмкін. Бұл әсіресе 33 жастағы қорғаушыға қатысты, себебі оның орнына Трент Александер-Арнольд келуі тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или